Accessibility links

Мәскеу полициясы тағы 50 шерушіні қамады


Мәскеуде өткен наразылық шарасынан көрініс. 17 наурыз 2012 жыл
Мәскеуде өткен наразылық шарасынан көрініс. 17 наурыз 2012 жыл
Азаттық радиосы орыс қызметінің хабарлауынша, 18 наурыз Останкино мұнарасының алдына жиналып, рұқсат етілмеген наразылық шарасын өткізген 50-ден астам демонстрант қамауға алынған.

Осының алдында ғана Мәскеу полициясы 17 наурыз, сенбі күнгі Владимир Путинге қарсы өткен наразылық шарасы кезінде қамалған 20-дан астам шерушіні босатқанын хабарлады. Демонстранттар Путиннің билікке оралуы және оппозицияның "лас әрекеттері" туралы мемлекетке қарасты телеарналар көрсеткен теле-репортаждарды сынап, Мәскеудің Революция алаңына жиналған болатын.

Бұған қоса Пушкин алаңында үкіметке қарсы плакаттар ілмек болған екі демонстрант та уақытша қамалған еді. Қамауға алынғандардың барлығы дерлік көп ұзамай-ақ босатылған.

17 наурыз Мәскеуде жүздеген адам екі апта бұрын қарама-қайшылыққа толы күйде өткен президент сайлауы кезінде жеңіп шыққан Владимир Путинге қарсылық көрсету үшін рұқсат етілмеген наразылық акциясына жиналған болатын. Ал жексенбі, 18 наурыз Мәскеуде жоспарланған шеруге Facebook әлеуметтік желісі арқылы 1 500 адам қатысуға ниет білдірген еді.
XS
SM
MD
LG