Accessibility links

Египет зардап шеккен шерушілерге өтемақы төлемек


Египет парламенті өткен жылы бұрынғы президент Хосни Мүбәракқа қарсы толқуларда құрбан болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге өтемақы төлеу туралы қаулы қабылдады.

BBC телеарнасының хабарлауынша, толқу кезінде алған жарақатынан мүгедек болып қалған әрбір шерушіге енді 100 мың египет фунты көлемінде (шамамен 17 мың АҚШ доллары) өтемақы беріледі.

Бұған дейін өтемақы тек қаза тапқандардың отбасыларына ғана беріледі деген болжам болған.

Жаңа құжат Египеттің жоғарғы әскери кеңесі мақұлдаған соң күшіне енеді.

2011 жылы ақпанда халықтың жаппай наразылық танытуынан соң Хосни Мүбәрак биліктен кеткен еді. Бұдан соң жоғарғы әскери кеңес Египеттегі атқарушы билік қызметіне уақытша ие болып қалды.
XS
SM
MD
LG