Accessibility links

Молдова Холокост құжаттарын АҚШ мұражайына тапсырды


Молдова сыртқы істер министрі Юрий Лянкэ АҚШ-тағы Холокост мұражайының өкілдерімен кездесуде. Вашингтон, 19 наурыз 2012 жыл.
Молдова сыртқы істер министрі Юрий Лянкэ АҚШ-тағы Холокост мұражайының өкілдерімен кездесуде. Вашингтон, 19 наурыз 2012 жыл.
Молдова Вашингтондағы Холокост мемориалды мұражайына Холокост кезеңіне жататын мыңдаған құжатты тапсырды.

Мұражайға еврейлерге қарсы әскери қылмыс жасады деп айыпталған 50-дей адамның ісіне қатысты 15 мың беттен тұратын тергеу құжаттары берілді.

Бұл құжаттарды екінші дүниежүзілік соғыстан соң Молдова КГБ-сы тексерген болатын. Құжаттарды тапсыру рәсімінде сөйлеген Молдова сыртқы істер министрі Юрий Лянке осы арқылы өз елінің трагедия құрбандарына құрмет көрсететінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG