Accessibility links

Жұмысшылар: Құмкөл мемлекет меншігіне алынсын


Құмкөл мұнай кенішін игеріп жатқан "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" компаниясына қызмет ететін "БИС" кәсіпорнының жұмысшылары президент пен парламенттің атына хат жазып, кенішті мемлекет меншігіне алуды талап етті.

Сейсенбіде баспасөз жиынын өткізген "БИС" өкілдерінің айтуынша, "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" акциясының басым бөлігіне (67 пайыз) ие қытайдың PetroKazakhstan компаниясы Қазақстан мен оның халқының мүддесіне қарсы жұмыс істеп отыр. Жұмысшылар осыған орай президент пен парламенттен қытайлық компаниямен келісім-шартты бұзып, Құмкөл кен орнын мемлекет меншігіне алуды талап етеді.

"Президент пен премьер-министрден PetroKazakhstan компаниясының қазақстандық жұмысшыларға деген теріс пиғылы мен заңнан тыс әрекеттеріне назар аударуды және оны тексеруге қоғамдық және мемлекеттік комиссия құруды талап етеміз" деген талап та бар президенттің атына жазылған хатта.

"БИС" кәсіпорынның бас директоры Ділдахан Ахметовтың айтуынша, 27 ақпанда кәсіпорын 27 ақпанда компания жариялаған тендерде ұтылып қалып, оның 700 жұмысшысы жұмыссыз қалған. "БИС" басшылығы "кәсіпорын тендер әділетсіз өткендіктен ұтылды" деп санайды.

Ал PetroKazakhstan компаниясының баспасөз қызметі тендер нәтижелеріне тексеру жасатып жатқанын хабарлады.

"ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" - Орталық Қазақстандағы Құмкөл мұнай кенішін игеріп жатқан PetroKazakhstan компаниясының құрамына кіреді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Ұлттық пантеон қажет пе?

XS
SM
MD
LG