Accessibility links

Лавров: Минск өлім жазасына мораторий қойғаны жөн


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Беларусь билігін өлім жазасына моратоий жариялауға шақырды.

"Коммерсант FM" радиосына берген сұхбатында Лавров Ресейде өлім жазасына моратрий енгізілгенін айтып, "Беларусьтің де оған қосылғанын қалайтынын" жеткізген.

Өткен аптада "2011 жылы сәуірде Минск метросында теракті жасады" деп айыппен өлім жазасына кесілген Дмитрий Коновалов пен Владислав Ковалев атылған болатын.

Human Rights Watch халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы сейсенбіде мәлімдеме жасап, Минскіні өлім жазасынан бас тартуға шақырған болатын.

Ұйым Беларусьтің айыпталуышының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жазған шағымы қаралмай тұрып, оны өлім жазасына кесіп жібергенін айыптап, "Минскі халықаралық қауымдастыққа берген міндеттемелерін бұзды" деп санайды.
XS
SM
MD
LG