Accessibility links

Тулузада үш полицей жараланды


Францияның Тулуза қаласында үш француз сарбазын және еврей мектебіндегі төрт адамды өлтірді деген күдіктіні ұстау барысында үш полицей жараланды.

Елдің ішкі істер министрі Клод Геанның айтуынша, қаруланған 24 жастағы франциялық азамат Тулузаның шетіндегі бір үйге бекініп алған. Күдікті «Әл-Қаиданың» сарбазымын деп мәлімдеп, палестиналық балалардың кегін алып жүргенін, француз әскерінің мұсылман елдеріндегі операцияларына қарсылық білдіргенін айтқан.

Билік орындарының айтуынша, күдікті бұрын Пәкістан мен Ауғанстанда болған. Қазір оның ағасы тұтқындалды.

11 наурызда Тулузада десант сарбазы өлтірілген еді. 15 наурызда тағы екі әскери қызметкер көз жұмып, Монтобан қаласында бір адам жараланды.

Дүйсенбі күні мотоцикл мінген қарулы адам Тулузадағы еврей мектебіне келіп, үш баланы және раввинді атып кетті.
XS
SM
MD
LG