"Ауғанстандағы әскерімізді 2014 жылға дейін шығарып біту ісі жоспарға сай жүріп жатыр" деп мәлімдеді бұл елдегі АҚШ әскерінің қолбасшысы генерал Джон Аллен. Алленнің айтуынша, халықаралық коалиция басшылығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету өкілетін ауған билігініне біртіндеп өткізіп жатыр.
Америкалық сарбаз 16 ауғанды өлтірді деген оқиға да, АҚШ әскерінің Құранды өртеуіне байланысты туған халық наразылығы да әскер шығару жоспарына кедергі болмаған. Генералдың айтуынша, көршілес Иран «бүлікшіл ниетті асқындырып, Ауғанстандағы зорлық-зомбылықты қоздатып отыр».