Accessibility links

АҚШ-та ұрлыққа күдікті қазақстандық студенттер ұсталды


"Қазақстан" деген жазуы бар киім киген адам АҚШ-та жүр, Нью-Йорк, 2011 жылдың маусымы. (Көрнекі сурет)
"Қазақстан" деген жазуы бар киім киген адам АҚШ-та жүр, Нью-Йорк, 2011 жылдың маусымы. (Көрнекі сурет)
АҚШ-тың Хьюстон қаласында әуежайдың көлік тұрағындағы машиналардың доңғалағын ұрлады деген күдікпен қазақстандық үш студент қолға түсті.

Полицияның айтуынша, Хьюстон қоғамдық колледжінің студенттері - 17 жастағы Темірлан Қантай, 19 жастағы Ержігіт Жанболат көліктердің астына кірпіш қойып, доңғалақтарын шешіп алған, ал 22 жастағы Тұрбол Таңатов төңіректі шолып, ақ түсті Toyota Camry көлігінде оларды күтіп тұрған.

Қазір АҚШ-қа студенттік визамен барған үш жігітке "ұйымдасқан қылмыс жасады" деген айып тағылды.
XS
SM
MD
LG