Accessibility links

Costa Concordia-дан тағы бес адамның сүйегі табылды


Costa Concordia-дағы өрт сөндірушілер. Италия, 23 қаңтар 2012 жыл.
Costa Concordia-дағы өрт сөндірушілер. Италия, 23 қаңтар 2012 жыл.
Биыл қаңтардың ортасында Италия жағалауында қайраңдап қалған Costa Concordia саяхат кемесінде жоғалған адамдарды іздеушілер тағы бес жолаушының мәйітін тапқандарын хабарлады.

Кеме 13 қаңтарда апатқа ұшырап, бір бүйіріне қисая құлағаннан бері мерт болған 30 адам анықталды. Екі адамнан әлі хабар-ошар жоқ.

Кеме иелерінің айтуынша, лайнердегі 2 мың 300 тонна жағармайды құйып алу жұмысы бүгін аяқталуы керек.

Costa Concordia капитаны Франческо Скеттино үйқамақта отыр. Оған "кемені апатқа ұшыратып, абайсызда кісі өлтірді", "4 мың 200 адамды құтқару операциясы аяқталмай жатып кемеден қашып кетті" деген айыптар тағылды.
XS
SM
MD
LG