Accessibility links

Қытай көршілерін "ұстамды болуға" шақырды


Солтүстік Кореяның сәуір айында зымыран ұшыру жоспарына орай Қытай өз көршілерін "ұстамды болуға" шақырды.

Қытай сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, көрші елдер "жағдайды ушықтыратын әрекеттен" тартынуы керек.

Пхеньян Жер орбитасы маңына спутник ұшыру жоспарын жариялаған соң АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапония "ол ел анығында баллистикалық зымыранды сынауы мүмкін" деген қауіп айтқан еді.

Жапония Солтүстік Кореяның зымыраны бағытынан ауытқып кетсе, керегі болар деген уәжбен Окинава аралына зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орнататынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG