Accessibility links

Шеру кезінде Азаттық радиосы интернеттен ажыратылды


Наурыздың 24-і - Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе сияқты Қазақстанның ірі қалаларында Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына орай еске алу шеруі өтетін күні - Азаттық радиосының Алматыдағы бюросы интернеттен ажыратылды.

Азаттықты интернетпен қамтамасыз ететін провайдер компанияның өкілдері "мұның себебін анықтай алмай отырғандығын" айтты.

Жаңаөзен оқиғасын еске алуға орай Қазақстанның бірнеше қаласында өтіп жатқан шерулерден Twitter-трансляция жасап отырған Азаттық радиосы интернет қызметіне түскі сағат 12-лер шамасында ғана қайта қосылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG