Бүгін - Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына орай Алматыда еске алу шарасы өтетін күні сағат 11 шамасында қоғамдық белсенді, "Ар. Рух. Хақ" қоғамдық ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина тұтқындалды.
Төреғожинаның айтуынша, оны Медеу аудандық ішкі істер басқармасының полицейлері тұтқындаған.
Полицейлер оған тұтқындалу себебін "жұртты интернеттегі әлеуметтік желі арқылы рұқсат етілмеген шеруге шақырғаныңыз үшін" деп түсіндіріп, "бір әйелден сол әрекеті туралы шағым түскенін" айтқан.