Accessibility links

Шымкентте Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толғанын еске алды


Бүгін, наурыздың 24-інде Шымкентте Абай паркіндегі Абай ескерткішінің түбінде бір топ адам Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына орай жиналды деп хабарлайды блогер Дина Байділдаева.

Оның айтуынша, жиналғандар құрбан болғандардың рухына арнап құран бағыштаған. Бұдан соң жиналғандар арасынан 5-6 жас Жаңаөзен оқиғасында "полицияның халыққа оқ атқанын" айыптаған.

"Полицейлер қарапайым адамша киініп келіп, алыстан, тасада бақылап тұрды" дейді Дина Байділдаева.
XS
SM
MD
LG