Accessibility links

Ермек Нарымбаевты полиция 3 сағат ұстады


Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев.
Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев.
"Назарбаев, кет!" деп ұрандатқаны үшін 4 жылға сотталып шыққан оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаевты полиция шеру өтерден бір сағат бұрын, күндізгі сағат 11-де тұтқындап әкетті.

Бұл туралы Азаттыққа Нарымбаевтың өзі хабарлады. Оның айтуынша, полиция үйінен шеруге шығып бара жатқанда ұстап әкетіп, Әуезов аудандық ішкі істер басқармасында үш сағаттай ұстаған.

Ермек Нарымбаев өзіне еш айып тағылмағанын айтады. "Бірақ бұрын қандай бап бойынша сотталғаным, қазір қай жерде, кіммен бірге тұратыным туралы түсінік жаздырды. Меніңше, бұл - шеруге қатыстырмаудың амалы" дейді ол.
XS
SM
MD
LG