Бүгін, сенбі түстен кейін Астанада Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына орай акция өткізген белсенділерді полиция тұтқындап әкетті. Бұл туралы Азаттыққа ұсталғандардың бірі – Janaozen.net веб-порталының өкілі Санат Орынәлі хабарлады.
Орынәлінің айтуынша, «Жаңа толқын» қозғалысының жетекшісі, құқық қорғаушы Болатбек Біләлов, «Айқап» қоғамдық ұйымының жетекшісі Ұлан Шамшет үшеуі түстен кейін сағат 15-те Бәйтерек кешенінде акция өткізген.
Акцияда олар арттарына «100» санын білдіретін үш нөмір тағып шыққан. Бәйтеректің маңында біраз жүрген соң Ақордаға қарай қозғалған мезетте оларды полиция ұстап әкеткен.
«Қазір қамаудамыз. Түсінік жаздырып алды. Әлі 3 сағаттай отырамыз» дейді Санат Орынәлі.