Accessibility links

Оңтүстік Осетияда президент сайлауы қайта өтті


Оңтүстік Осетия тұрғыны президент сайлауы кезінде дауыс беріп жатыр. Цхинвали, 25 наурыз 2012 жыл
Оңтүстік Осетия тұрғыны президент сайлауы кезінде дауыс беріп жатыр. Цхинвали, 25 наурыз 2012 жыл
Грузиядан бөлініп шыққан Оңтүстік Осетияда 25 наурыз қайтадан өткен президент сайлауы заңды деп танылды. Жергілікті орталық сайлау комиссиясының төрайымы Белла Плиеваның айтуынша, сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берген.

Қайтадан дауыс беру кезінде төрт кандидат бәсекеге түсті. Бұлардың бір де біреуі алғашқы сайлауға қатыспаған. Төртеуі де Ресейдің қолдауына ие болған кандидаттар. Бұлардың бір де бірі қазіргі де факто президент Эдуард Кокойтыдың саяси тобына жақын саясаткер емес.

Былтырғы 27 қарашада өткен алғашқы сайлау қорытындысы Ресей қолдап отырған кандидатты оппозициядан түскен кандидат жеңіп шыққан соң заңсыз деп танылған еді.

Алғашқы сайлауда жеңісі есепке алынбаған оппозиция жетекшісі Алла Джиоева қайта сайлауға қатыспай қойды. Ол алғашқы сайлауға қатысты шығарылған шешімнің заңдылығын мойындамайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG