Жексенбіде Минскіде оппозиция 1918 жылы алғашқы тәуелсіз Беларусь мемлекеті құрылған күнге арналған "Ерік білдіру күні" митингісін өткізді.
2010 жылы Беларусь билігі президент сайлауынан кейінгі наразылықтарды басып-жаншығаннан бері алғаш рет биліктің рұқсатымен өтіп отырған шеруге 2000 мыңға тарта адам қатысты.
Оппозиция атаулы күнді президент Александр Лукашенко режиміне қарсылық таныту үшін пайдаланды. Әйтсе де, мұндай митингілерге өткен жылдан бері тыйым салынып келген еді.
Демонстранттар жалаушалар ұстап, "Саяси тұтқындарға бостандық берілсін!", "Лукашенко дәуірі аяқталды" деген ұрандар көтеріп шыққан.
Митингіні бастан-аяқ қаруланған полицейлер қатаң бақылап тұрды.