Accessibility links

Түркіменстанда жаңа екі партия құрылмақ


Түркіменстан премьер-министрінің орынбасары Сапардурды Тойлиев жақында жаңа саяси екі партия құрылатынын мәлімдеді. Оның бірі - аграрлық, екіншісі - кәсіпкерлер партиясы болмақ.

Тойлиев қазір партияларды құруға дайындық жұмыстары жүріп жатқанын айтады.

Құрылған жаңа партиялар Түркіменстанның билеуші жалғыз демократиялық партиясына бәсеке болады деген жоспар бар.

Дегенмен, сарапшылар "партиялардың биліктің дем беруімен құрылуы олардың тәуелсіз түрде қалыптасуына кері әсер етпек" деген пікір айтады..

Әзірге бір партиядан тұратын Түркіменстан парламентіне сайлау 2013 жылы өтеді деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG