Accessibility links

Жаңаөзен сотында жәбірленуші өтемақыдан бас тартты


Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалар оқиғасы бойынша сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалар оқиғасы бойынша сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккен "Шолпан" сауда үйінің иесі Бибатпа Жалғасбаева сот процесінде бизнесіне келген зардап - 50 миллион теңге өтемақыны алудан бас тартты деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Бидатпа Жалғасбаева 27 наурызда басталған Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот процесінде: "Бұл жерде басты мәселе ақшада тұрған жоқ. Мен мына жастардың зардап шекпегенін қалаймын" деген айыпталушыларға қарата.

Жаңаөзен мен Шетпеде 16-17 желтоқсанда болған оқиғаларда ресми есеп бойынша 17 адам қаза тауып, 100 ден астам жараланды.

Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалар бойынша Ақтауда өтіп жатқан сот отырысына 37 айыпталушы мен 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы және 12 қорғаушы қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG