Accessibility links

Клинтон: "Әл-Асадтың қолдауы - сөзінде емес, ісінде"


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сирия президенті Башар әл-Асадтың БҰҰ мен Араб лигасының уәкілі Кофи Аннанның қақтығысты тоқтату туралы жоспарын қолдағанына қатысты пікір білдірді.

Клинтонның айтуынша, "Башар әл-Асадтың қолдауын сөзінен емес, ісінен көру керек".

Мемлекеттік хатшы Сирия оппозициясына "келіссөздерде барлық сириялықтың құқықтарын бірдей қорғау керегін" де айтты.

Кофи Аннанның Женевадағы өкілі 27 наурызда Башар әл-Асадтың қақтығысты реттеу туралы ұсынысын қолдағанын хабарлаған.

Аннанның жоспары қантөгісті дереу тоқтатуға, қоршауда қалған аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізуге, үкімет пен оппозицияның арасында келіссөздер бастауға шақырады.

Аннанның жоспарын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері қолдап шықты. Мұның алдында Ресей мен Қытай Сириядағы саяси режимді айыптайтын Қауіпсіздік кеңесінің екі қарарына қарсы шыққан болатын.

БҰҰ-ның есебі бойынша, соңғы бір жыл бойы Башар әл-Асад режиміне қарсы көтерілген халық толқуы кезінде 8 мың адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG