Қазақстан президентінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Жаңаөзен сотын "елдегі жағдайды шайқалтып, халықты көшеге алып шығуға пайдаланғысы келетін ақпарат құралдары бар" деп мәлімдеді.
Ертісбаев бұл пікірін "Интерфакс Қазақстан" агенттігіне берген сұхбатында, Жаңаөзен сотында судьяның журналистерге сурет пен видеоға түсіруге тыйым салғанына орай айтқан.
Оның айтуынша, "кейбір ақпарат құралдарына шынайы ақпарат емес, адамдардың санасын төңкеріске бейімдеу ғана қажет".
Жаңаөзен оқиғасына қатысты өтіп жатқан сот процесінің екінші күні судья журналистерге сурет және видеоға түсіруге мүлдем тыйым салған болатын.