Accessibility links

Қырғызстан парламенті жұтты талқылады


Қырғыз парламентінде қыстың ұзаққа созылып, елдің оңтүстігінде төтенше жағдай қалыптасқаны талқыланды.

Елде биыл ұзақ әрі қатты болып, малға беретін жем-шөп қоры таусылған. Кейбір аймаққа баратын жол да жабық.

Парламенттегі "Ата-Жұрт" партиясының депутаты Нұрлан Сулаймановтың айтуынша, қазір аймаққа 500 мың тонна пішен және 15 мың тонна жем-шөп жеткізу қажет. Депутат "Чон-Алай ауданында 20 мың бас мал қырылып қалды. Бұл аймақтағы мал басы санының үштен бірін құрайды" дейді.

Ал "Ар-Намыс" партиясынан сайланған депутат Есенқұл Исаковтың айтуынша, үкіметте аймаққа көмек жеткізетін ұшақ я тікұшақ жоқ. "Сондықтан депутаттарды бір күндік жалақыларын көмек ретінде бөлуге шақырамын. Одан түскен қаржыға аймаққа жүк жеткізуге "Манас" әскери базасындағы америка ұшақтары мен "Қант" базасындағы ресейлік ұшақтарды жалдау керек" дейді депутат.
XS
SM
MD
LG