Нью-Делиде (Үндістан) бейсенбіде БРИКС деп аталатын қарқынды дамып келе жатқан елдер ұйымының басшыларының саммиті басталды. Ұйымға Ресей, Қытай, Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка республикасы мүше.
Саммитте Дүниежүзілік даму банкі мен Халықаралық валюта қорына балама болатын бес елдің бірлескен даму банкін құру туралы келісім жасалады деген болжам бар. Ұйымға мүше елдер арасындағы экономикалық байланыстар да талқыланбақ.
Бес ел басшылары Иранның ядролық бағдарламасы мен Сирия дағдарысы сияқты саяси мәселелерге де назар аудармақ.
Аталған бес елдің сауда министрлері саммит қарсаңында, 27 наурызда кездескен болатын.
БРИКС тобына кіретін елдердің үлесіне әлемдік ішкі жалпы өнімнің 22 пайызы, әлемдегі халық санының 43 пайызы тиеді.