Accessibility links

Сирияда қақтығыс әлі жалғасып жатыр


Сирия президенті Башар әл-Асад Хомстың Баба Амр ауданында үкімет әскерімен кездесті. Сирия, Хомс, 27 наурыз, 2012 жыл.
Сирия президенті Башар әл-Асад Хомстың Баба Амр ауданында үкімет әскерімен кездесті. Сирия, Хомс, 27 наурыз, 2012 жыл.
Дамаск БҰҰ өкілі Кофи Аннанның қақтығысты реттеу туралы жоспарын қолдағанына қарамастан Сирияда сәрсенбіде қарулы қақтығыстар қайта жалғасты.

Үкімет әскері Қалаат әл-Мадик қаласына танкпен шабуыл жасады. Шабуылда бейбіт тұрғындардың, әскерилер мен бірнеше көтерілісшінің қаза тапқаны туралы хабар бар. Бірақ нақты саны белгісіз.

Сириялық құқық қорғаушылардың дерегіне қарағанда, Хама мен Идлиб қалаларында және Хомс қаласының кейбір аудандарында да қақтығыстар болған.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Башар әл-Асадты Кофи Аннан ұсынған бейбіт келісімді дереу орындауға шақырды. Башар әл-Асад 26 наурызда БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша арнайы өкілі Кофи Аннанның қақтығысты реттеу туралы жоспарын қабыл алған болатын.

АҚШ та сәрсенбіде Сирия билігінің уәдесін орындайтынына сенімсіздік танытып, әл-Асадты орнынан кетуге шақырды.
XS
SM
MD
LG