Accessibility links

Жаңаөзен сотынан журналистерді шығарып жіберді


Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттың үшінші күнінде екі журналисті соттан шығарып жіберді. Бұл туралы сотқа қатысып жүрген Janaozen.net веб-порталының журналисі Саламат Омаш хабарлады.

Омаштың айтуына қарағанда, "Голос Республики" газетінің журналисі Жанар Қасымбекова екеуі сот залына ноутбукпен кірген. Бірақ, сәлден соң судья Аралбай Нағашыбаев оларды ештеңеге қарамай залдан шығарып жіберген.

"Сотқа ноутбукті Маңғыстау облыстың баспасөз қызметінің басшысы Нұрлан Күнтуовтың рұқсатымен алып кірген едік" дейді ол.

Судья Нағашыбаев бұған қоса сотта "судьяның рұқсатынсыз сұрақ қойып, я сөйлегендер де бірден залдан шығарылатынын" ескерткен.

Бүгін, 29 наурызда Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот процесінің үшінші күні.
XS
SM
MD
LG