Accessibility links

Араб елдерінің басшылары саммитке жиналды


Бағдадқа Араб лигасына мүше елдердің басшылары осы аптада өтетін саммитке жиналып жатыр. Саммитте Сирия мәселесі талқыланбақ.

Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмад ас-Сабах Иракқа 1990 жылдан бері алғаш рет келіп отыр. Әмірмен бірге тағы бес елдің басшысы келуі тиіс. Олардың арасында Судан президенті Омар әл-Башир де бар. Гаагадағы халықаралық сот оны "Суданның Дарфур провинциясында әскери қылмыс жасады" деп айыптап, сотқа тапсыруды сұрап отыр.

Саммитке БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун де келеді деген болжам бар.

Сарапшылар "саммитке қатысушылар Сирияда қақтығысушы екі жақ - үкімет әскері мен көтерілісшілерді де ұрысты тоқтатуға үндейді, бірақ президент Башар әл-Асадты орнынан кетуге шақырмайды" деген пікір айтады.
XS
SM
MD
LG