АҚШ қарулы күштері орталығы бас қолбасшысы генерал Джеймс Матис Ташкентте Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездесті.
Өзбек ақпарат құралдарының хабарлауынша, кездесуде "екі жақтың ортақ мүдделеріне қатысты проблемалар, оның ішінде әскери, техникалық салаға қатысты мәселелер талқыланған".
АҚШ пен Өзбекстанның қарым-қатынасы соңғы кездері біршама жақсарып қалды. Кейбір сарапшылар мұның себебі Вашингтонның Ауғанстаннан шығаратын әскеріне сенімді әрі қауіпсіз жол іздеуінде деп санайды.
Джеймс Матис Ташкентке Пәкістаннан келген. Ол Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы Джон Алленмен бірге Пәкістан әскери басшылығымен кездесіп қайтты.
Кездесуде Пәкістаннан Ауғанстанға жүк жеткізетін транзиттік жолдарды қайта ашу жайы талқыланды.
Исламабад 2011 жылы қарашада АҚШ әскерилері қателесіп, Пәкістан армиясының бөлімшелеріне әуеден соққы бергеннен кейін өз аумағын коалиция күштеріне пайдалануға бермей қойған. Ол шабуылда Пәкістанның 24 сарбазы қаза тапқан.