Accessibility links

БҰҰ Түркіменстанға қатысты баяндама жасады


БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті Түркіменстандағы адам құқықтары мәселелеріне қатысты баяндама жасады.

Комитет баяндамада "түркімен билігі құқық қорғау органдарының тұтқындарды азаптағанына, елдің сот жүйесіндегі коррупцияға, адамдардың өз еркін білдіруі мен журналистердің қудалануы мәселелеріне назар аударуы керек" дейді.

Баяндама комитет өкілдерінің 15-16 наурызда Түркіменстанның жоғары шенді шенеуніктерімен кездесуінен кейін жасалды. Кездесуде елдегі адам құқықтарының жай-күйіне қатысты есептің жобасы талқыланған болатын.

Түркіменстан Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге 1997 жылы қол қойған. Бірақ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің жұмысына 14 жылдан кейін ғана қосылды.

Комитет мүшелерінің бірі Кристер Телиннің журналистерге хабарлауынша, Ашғабат бір жылдан соң комитетке жоғарыда аталған салаларда адам құқықтарының жақсарғандығы туралы есеп беруі тиіс.

Телиннің сөзіне қарағанда, комитет түркімен билігін елге халықаралық бақылаушыларды кіргізуге де шақырған. Себебі қазір ешқандай халықаралық ұйымға бұл елде жұмыс істеуге рұқсат берілмеген.
XS
SM
MD
LG