Бағдадта бейсенбіде Араб лигасы мемлекеттерінің саммиті аяқталды. Саммитке қатысушылар Сирия билігі мен оппозицияны елдегі қақтығыстарды тоқтатып, диалог орнатуға үндеді. Бірақ қатысушылар Сирия президенті Башар әл-Асадты орнынан кетуге шақырмады.
Араб лигасы елдері БҰҰ мен лиганың өкілі Кофи Аннанның қақтығыстарды реттеу туралы ұсынысын жүзеге асыру қажет деп мәлімдеді.
Аннанның ұсынысы қалалардан Сирия үкіметінің әскері мен техникасын, қақтығыстан зардап шеккен аудандардағы халыққа гуманитарлық көмек жеткізу және елге шетел журналистерін кіргізуді қарастырады.
Башар әл-Асад бұл ұсынысты қабылдайтынын, бірақ ол үшін оппозицияның шетелден көмек алуын тоқтату керегін мәлімдеген.
Саммитке араб елдерінің тоғыз мемлекеті мен үкіметі басшылары қатысты. Лигаға мүше біраз елдің басшысы Бағдадтағы қауіпсіздік мәселесіне алаңдап, саммитке келмеді.