Accessibility links

Венгрия президенті плагиаттық жасаған


Будапеште Земмельвайс университетінің басшылығы Венгрия президенті Пал Шмитті плагиаттық жасағаны үшін докторлық дәрежесінен айырды.

Пал Шмитт бұрынғы дене шынықтыру университеті болған бұл оқу орнында 1992 жылы докторлық диссертация қорғаған.

Осы жылдың басында ақпарат құралдарында Шмиттің диссертация жұмысының басым бөлігі болгар және неміс мамандарының жұмыстарынан аударылған деген ақпарат пайда болған еді. Президент кеңсесі мұны жоққа шығарған.

Пал Шмитт Венгрияда олимпиада чемпионы ретінде де танымал. Ол 1968 және 1972 жылдары екі рет Венгрия құрамасында семсерлесуден олимпиада чемпионы атанды.

Венгрияда президент көп өкілетке ие емес.
XS
SM
MD
LG