Accessibility links

Қытайда екі монах өздерін өртемек болды


Жұма күні Қытайдың Сычуань провинциясындағы Аба аймағында екі будда монах өздерін өздері өртемек болды. DPA агенттігінің хабарлауынша, полицейлер өртті бірден сөндіріп, монахтарды оқиға орынан алып кеткен. Өртенген екі жігіттің жарақаттары қаншалықты ауыр екені белгісіз.

Қытайда 2009 жылдан бері 30-дан астам монах ел үкіметінің Тибетке байланысты саясатына қарсылық ретінде өз-өздерін өртеді. Олардың 23-і қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG