Accessibility links

Таиландта жарылыстан жеті адам көз жұмды


Мамандар Бангкоктағы жарылыс болған жерді тексеріп жүр. Таиланд, 14 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Мамандар Бангкоктағы жарылыс болған жерді тексеріп жүр. Таиланд, 14 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Таиландтың оңтүстігіндегі Яла қаласында болған жарылыстан жеті адам мерт болып, 70-тей адам жараланды.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдар бүгін түсте болған. Ялада бомба қойылған көлік, басқа екі қалада жарылғыш зат байланған екі мотоцикл жарылып кеткен.

2004 жылдан бері Таиландтың оңтүстігінде, малайлық радикалшыл экстремистер базасы орналасқан аймақта бірнеше рет қақтығыс болып, мыңдаған адам зардап шекті. Экстремистік топ "елдегі көпшілік қауым - буддистер мұсылмандарды қудалап жатыр" деп санайды.
XS
SM
MD
LG