Accessibility links

"Мұсылман бауырлар" президенттікке кандидатын атады


Египеттің "Мұсылман бауырлар" ұйымы президенттік сайлау қарсаңында өздері ұсынатын кандидаттың атын жариялады. Ұйымның саяси қанаты - Азаттық пен әділет партиясы кандидат ретінде Хайрат әл-Шатерді атады.

Хайрат әл-Шатер "Мұсылман бауырлар" ұйымы жетекшісінің орынбасары, әрі табысты бизнесмен боп саналады. Азаттық пен әділет партиясы Хосни Мүбәрәк биліктен кетірілген соң өткен парламенттік сайлауда басым дауыс жинаған еді.

Партия алғашында Египет тарихындағы бірінші еркін, әрі әділ бәсеке болуы мүмкін деп аталған президенттік сайлауға кандидат ұсынбайтынын хабарлаған. Егер алдағы сайлауда әл-Шатер жеңіп шықса, "Мұсылман бауырлар" Египеттің саяси сахнасында да үстемдік орнатпақ. Мұндай жағдайда Каирдің АҚШ-пен және Израильмен ара-қатынасы суып та кетуі мүмкін.

Кейбір сарапшылар әл-Шатер жеңсе, елдің саясатында консервативтік исламшыл көзқарас күшеюі мүмкін деп болжайды. Египеттегі президенттік сайлаудың алғашқы айналымы мамыр айының соңында өтпекші.
XS
SM
MD
LG