Accessibility links

Клинтон: Иран мен "алтылық" қайта кездеседі


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон Иран мен алты әлемдік держава 13-14 сәуірде Стамбулда кездесіп, Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз жүргізеді деп хабарлады.

Сауд Арабиясының астанасы Рияд қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп тұрып Клинтон: "Иранға бейбіт шешім іздеу және иелену мүмкіндігі қайта-қайта беріле бермейді" деп мәлімдеді.

Осыған дейін 2011 жылғы қаңтарда АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей мен Қытай және Иран өкілдері кездескен еді. Ол жолы екі жақ келісім жасай алмаған болатын.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Иранға уран байыту жұмысын тоқтатпағаны үшін төрт мәрте санкция салды. Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт және ғылыми мақсатта дамытылып жатыр деп мәлімдеп келеді.
XS
SM
MD
LG