Accessibility links

Йеменде "Әл-Қаида" жеті үкімет сарбазын өлтірді


"Әл-Қаида" ұйымына қатысы бар қарулы топ 1 сәуір күні оңтүстік Йемендегі әскер базасына шабуыл жасап, жеті солдатты өлтірді. Ресми өкілдердің хабарлауынша, Хадрамаут провинциясындағы Шибам аймағында ұйықтап жатқан солдаттарға тұтқиылдан шабуыл жасалған.

Соңғы жылы елде болып жатқан саяси дағдарыс кезінде әлсіреп қалған Йемен армиясы соңғы айларда бірнеше мәрте "Әл-Қаида" мүшелерінен соққы жеді.

Йеменді ұзақ уақыт билеп келген Әли Абдулла Салехты биліктен кетірген халық толқуы кезінде қарулы исламшыл топтар елдің оңтүстігіндегі бірнеше қаланы басып алған болатын.
XS
SM
MD
LG