Accessibility links

Ғылыми қызметкерлер Назарбаевқа хат жазды


Ғылыми институттар қызметкерлерінің кәсіподағы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ғылыми қызметкерлерге үш ай бойы жалақылары төленбегеніне, ғылыми жобаларға қаржы уақытында бөлінбей жатқанына шағымданып, хат жазды.

Кәсіподақ таратқан мәлімдемеге қарағанда, 2012 жылы қаңтардың басында ғылыми институттардың қызметкерлері осы жалақы мәселесімен үкімет пен білім және ғылым министрлігіне шағымданған. Оған министрлік қаржы ақпан айында бөлінеді деп жауап берген.

"Бірақ, ғылыми мекемелердің көпшілігіне қаржы аударылмай, қызметкерлер үш ай бойына жалақысыз жұмыс істеп жатыр. Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды уақытында қаржыландырмаудың салдары ғылыми зерттеулерге кесірін тигізеді" дейді кәсіподақ мәлімдемесінде.

Ғылым саласының қызметкерлері осыған орай ғылыми жобаларға қаржыны уақытында бөлуді, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен ғылыми мекемелердегі еңбек заңдылықтарын сақтауды қадағалауды талап етеді.
XS
SM
MD
LG