Түрмеде аштық жариялап жатқан беларусь белсендісі Сергей Коваленконың жағдайы тым ауыр.
Түрме қызметкерлері дүйсенбіде Коваленконың туыстарына оның Витебск түрмесіндегі психиатрлық ауруханадан азаматтық ауруханаға ауыстырылатынын хабарлады. Мұнда дәрігерлер Коваленконың денсаулығын егжей-тегжейлі тексермек.
37 жастағы Коваленко 2011 жылы желтоқсанда тұтқындалып, 25 ақпанда "мерзімінен бұрын босатылу заңын бұзды" деген айыппен сотталған болатын. Мұның алдында ол "Беларусьтің тыйым салынған ұлттық туын заңсыз ұстап шықты" деген айыппен сотталып, кейін мерзімінен бұрын босап шыққан еді.
Коваленко қамалған соң аштық жариялады.
Түрме қызметкерлері қаңтарда оны күштеп тамақтандырып көрген. Бірақ ақпанда ол аштығын қайта бастаған.