Accessibility links

Франция бірнеше исламшылды елден шығармақ


Франция үкіметі Алжир мен Малиден келген екі радикал исламшыл азаматты елден шығарды. Енді Сауд Арабиясынан келген имамды да қайтаруды қарастырып жатыр.

Елдің ішкі істер министрлігі содыр деген күдікпен тунистік ер адам мен түркиялық имамды да елден шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Франция наурызда Тулуза қаласында "әл-Қаидамен" байланысы бар делінетін алжирлік Мұхаммед Мераның шабуылдарынан кейін мұсылман елдерінен шыққан исламшыларды қудалай бастады.

Шабуылдарда үш үкімет сарбазы, үш еврей баласы мен раввині қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG