Accessibility links

Жаңаөзен сотында кәсіпкер өтемақыдан бас тартты


Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттың бесінші күнінде жаңаөзендік кәсіпкер әйел Күлсін Әжібаева тәртіпсіздікте қираған дүкеніне келген 35 миллион теңге шығынды өндіріп алудан бас тартты. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Сот отырысында Әжібаева айыпталушыларды танымайтынын және 35 миллион теңге өтемақыдан бас тартатынын хабарлаған.

Бұған дейінгі сот отырыстарында бірнеше жәбірленуші айыпталушылардан өтемақы өндіріп алудан бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG