Accessibility links

Жаңаөзен сотында полицейлердің жауап беруін талап етті


ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта қорғаушы Гүлнар Жуасбаева "жәбірленуші болып тартылған 33 полицейдің барлығы бірдей сотқа жауап берсін" деп мәлімдеген сейсенбі күні.

Оның айтуына қарағанда, сотқа төрағалық етуші судья жәбір көрді деген 15 полицей сотқа жазбаша жауап беріп, істі өздерінің қатысуынсыз жүргізе беруді сұраған.

Дүйсенбі күнгі сотта жәбірленуші бір полицей айыпталушылардың ешқайсысын бұрын көрмегенін, оларға ешқандай арыз-талабы жоқ екенін айтып, өзін жәбірленушілер тізімінен шығарып тастауды сұрады.
XS
SM
MD
LG