Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард "әлем экономикасы дағдарыстан біртіндеп айығып келеді, бірақ әлі де тұрақты емес" деп мәлімдеді.
Вашингтонда сөйлеген Лагард экономикалық дамудың тұрақсыздығы әсіресе Еуропада байқалып отырғанын айтты. Бірақ ол Еуроодақ елдерінің қаржы дағдарысының алдын алу үшін істеп жатқан шараларын мақтап, "Еуроодақ дағдарысқа қарсы бағдарламаларын одан ары жалғастыра беруі керек" деді.
Кристин Лагард Халықаралық валюта қорына қаржы дағдарысын әлсірету үшін қомақты қаржы аударылу керек дегенді айтты. Ол "Қытай, Бразилия және Ресейдің экономикасы ендігі тұрақтанып қалды" дейді.