Accessibility links

АҚШ Австралияға әскер түсірді


Австралияның солтүстігіндегі Дарвин қаласына алты ай мерзімге АҚШ-тың 200-ге тарта теңіз жаяу әскері түсірілді.

Бұл әскерлер - АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағында әскер ұстауды көздеп, Дарвин қаласына түсіретін 2 мың 500 сарбазының алғашқы легі.

Австралияның солтүстігіне теңіз жаяу әскерін кіргізу Пекиннің шамына тиіп, оны "Вашингтонның Қытайды қоршауға алу стратегиясы" деп айыптаған.

Австралияның қорғаныс министрі сәрсенбіде мұны жоққа шығарып, "Австралия Қытайды қауіпті ел деп санамайды" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG