Accessibility links

Франция 10 адамды тұтқындады


Францияның арнаулы полиция жасағы күдікті радикалды топ мүшесін тұтқындап жатыр. Рубэ, 4 сәуір 2012 жыл.
Францияның арнаулы полиция жасағы күдікті радикалды топ мүшесін тұтқындап жатыр. Рубэ, 4 сәуір 2012 жыл.
Франция полициясы сәрсенбіде радикал исламшылдар деген күдікпен 10 адамды тұтқындады.

Полиция негізінен елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы аймақтарды, оның ішінде Марсель және Рубэ қалаларын тексерген.

Өткен аптадағы осындай рейдте 13 адам тұтқындалған болатын.

Франция наурызда Тулуза қаласында "әл-Қаидамен" байланысы бар делінетін алжирлік Мұхаммед Мераның шабуылдарынан кейін мұсылман елдерінен келген азаматтар арасынан радикал исламшылдарды іздеп жатыр.

Сейсенбіде Франция ішкі істер министрлігі "Алжир, Мали және Сауд Арабиясынан келген үш адамның содыр деген күдікпен елден шығарылып жатқанын" хабарлады.
XS
SM
MD
LG