Қазақстан Иранға қатысты ешқандай әскери дайындық іс-шараларына қатыспайды. Бұл туралы мәжілістегі халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Владислав Косарев "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне хабарлады.
Косарев мұны "Иранға қарсы соққы берілген жағдайда Қазақстан өз әскери әуе кеңістігін Израильге пайдалануға беруге келісті" деген ақпаратқа байланысты айтқан.
"Бұл мәселе Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы әріптестеріне де қатысты болғандықтан, біз бейтарап болуымыз керек" дейді Косарев.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да америкалық Эй-Би-Си телеарнасына берген сұхбатында "АҚШ мемлекеттік департаментінде Қазақстанның Израильге мұндай келісім бергені туралы еш ақпарат жоқ" деді.