Accessibility links

Арақ өндіруші мұсылмандардан кешірім сұрады


Шишасында "Алланың құдыреті бәріне жетеді" деген арабша жазуы бар арақты шығыратын Ақтөбелік "Геом" кәсіпорны Қазақстан мұсылмандары алдында кешірім сұрады. Бұл туралы Алматы қаласының орталық мешіті хабарлады.

Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің атына жазылған хатта кәсіпорын басшысы Андрей Гооге арабша жазуды түсінбей қате жібергендерін айтып, кешірім сұраған. Ол арақ түрі қазір сатылымнан алынып жатқанын айтады.

Бұған дейін Мұсылмандар діни басқармасы кәсіпорын басшылығынан Қазақстан мұсылмандары алдында кешірім сұрап, арақты сатылымнан түгел алып тастауды талап еткен болатын.
XS
SM
MD
LG