Accessibility links

Аннан: Сирия армиясы шабуылды күшейтті


БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан.
БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан.
БҰҰ мен Араб лигасының өкілі Кофи Аннан Сирияда биліктің қақтығысты реттеу туралы жобаны қолдап, қалалардан әскер шығаруға уәде бергеніне қарамастан, қақтығыстың үдей түскені жайлы ақпараттар келіп жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Сирия армиясы тың күшпен көтерілісшілер бекінген Дамаскі маңындағы аудандарды шабуылдап жатыр. Үкімет әскері басқа аймақтарға да шабуыл жасап, 10 сәуірге дейін (әскер шығарылады деп белгіленген күн) бұл аймақтарды оппозициялық күштерден "тазартып" жатқаны жайлы мәліметтер бар. Бұл - қақтығыстар басталған бір жылдан бергі ең қуатты шабуыл болған.

Сирия президенті Башар әл-Асад өткен аптада Кофи Аннанның қақтығысты реттеу туралы жобасын қолдап, 10 сәуірге дейін қалалардан әскерді шығарып әкетуге уәде берген болатын.

Қақтығыстардан көрші елдерге бас сауғалаған босқындар саны да артқан. Түркия үкіметі соңғы күндері Сириядан мыңнан астам босқын өткенін хабарлады. Қақтығыстар басталғалы Түркия 21 мың босқын қабылдаған. Сириялықтар Иорданияға да көптеп өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG