Accessibility links

Лавров: Қырғызстан - Ресейдің сенімді одақтасы


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың (оң жақта) кездесуі. Бішкек, 5 сәуір 2012 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың (оң жақта) кездесуі. Бішкек, 5 сәуір 2012 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбіде Бішкекте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен және сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездесті. Кездесуден соң Лавров Қырғызстанды "Ресейдің сенімді серігі әрі одақтасы" деп атады.

Атамбаев Қырғызстанның электр қуаты тапшылығын жою үшін Ресей инвестициясына зәру екенін айтты. Руслан Қазақбаев Сергей Лавровпен кездесу барысында Қырғызстандағы орыс тілінің мәртебесі кең талқыланғанын айтып, орыс тілінің Қырғызстанда мемлекеттік тіл болып қалатынын мәлімдеді.

Бішкекте бұған қоса Қырғызстан энергетика министрлігі мен ресейлік "РАО ЕЭС Россия" және "Русгидро" компаниясы өкілдері келіссөздер жүргізді. Онда Ресейдің Қырғызстанның гидроэнергетикалық жобаларына қатысу жайы талқыланды. "Газпром" мен "Қырғызгаз" компаниялары да келіссөздер жүргізген.
XS
SM
MD
LG