Accessibility links

Қытай 6 ұйғырды "террорист" деп таныды


Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі жұмада алты ұйғыр азаматын террористер тізіміне қосқанын хабарлады.

Министрлік алты ұйғырдың "Шығыс Түркістан ислам қозғалысының мүшелері екенін" және олардың "ұйымға адам тартқанын" айтады. Қауіпсіздік министрлігі бұл азаматтарды "ұйым мүшелерін жаттықтырды, өзін-өзі жарып, теракті жасау үшін ұйымды қаржыландырды" деп айыптайды . Бірақ тізімге кіргендердің аты-жөндері аталмады.

Ұйғыр ұлты өкілдері тарихи отандары - Шыңжаң аймағына Пекиннің қытайларды жаппай қоныстандыру саясатына қарсылық танытып келеді. Бұл қарсылық әсіресе өткен жылдың жазынан бері Қытайдың Хотан, Қашғар, Яченг қалаларында күшейе түскен болатын.
XS
SM
MD
LG