Accessibility links

Малиде Азавад аймағы тәуелсіз деп жарияланды


Бамакода төңкеріс жарияланғаннан соң қауіпсіздік күштері мен әскерилер телерадио станциясына жиналды. Мали, 22 наурыз 2012 жыл.
Бамакода төңкеріс жарияланғаннан соң қауіпсіздік күштері мен әскерилер телерадио станциясына жиналды. Мали, 22 наурыз 2012 жыл.
Малидің солтүстігінде көтерілісші туарегтер бақылауына алған Азавад аймағын тәуелсіз деп жариялады. Көтерілісшілер аймақ тәуелсіздігі үшін күрес жүргізіп келе жатқан.

Азавад ұлт-азаттық қозғалысының өкілі бұл туралы France-24 телеарнасынан хабарлады. Көтерілісшілер аймақпен шектес "басқа мемлекеттердің шекарасын құрметтейтінін" айтады.

Мәлімдемеден бір күн бұрын туарегтер мақсаттарына жеткендерін айтып, әскери қимылдарды тоқтататынын хабарлаған.

Азавадты азат ету қозғалысы - өткен айда Малиде төңкеріс болғаннан кейін белсенді бола түскен көтерілісші екі топтың бірі. Көтерілісшілердің жетекшілері "билікті ауыстыру қажеттігі бұрынғы үкіметтің сепаратистермен күресе алмауынан туындағанын" айтады.

Мали - Африканың батысында орналасқан мемлекет.
XS
SM
MD
LG