Accessibility links

Ресейде гомосексуалдарға қатысты алғашқы сот өтеді


Санкт-Петербургте жұмада гомосексуализмді насихаттағаны үшін екі адамға қатысты сот болады. Ресей полициясы бейсенбіде қолдарына "Гей болуда тұрған ештеңе жоқ" деген жазуы бар плакат көтеріп жүрген құқық қорғаушы екі гейді ұстаған болатын.

Санкт-Петербург қаласында ақпанда гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заң қабылданған болатын. Оған сәйкес, жасөспірімдер арасында гомосексуализмді және педофильдікті насихаттааған адамға 172 АҚШ доллары, ал ұйымға 17200 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады.

Құқық қорғаушылар кезәнде заңды "Еуропаның адам құқықтары конвенциясына қайшы келеді" деп айыптаған.

Мемлекеттік дума да қазір ел бойынша гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заң қабылдауды қарастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG